RES 2026 логотипі
Жаңалықтар

Азық-түлік қауіпсіздігі және өңір экожүйесі

Наурыз 05, 2026
40
Азық-түлік қауіпсіздігі және өңір экожүйесі

Бүгінде Орталық Азияда жердің 20%-дан астамы деградацияға ұшыраған. Жаһандық жылынуды 1,5°C деңгейінде шектеу жағдайында да 2050 жылға қарай өңірдегі температура 2–2,5°C-қа дейін өсуі мүмкін. Бұл су ресурстары мен аграрлық секторға түсетін қысымды күшейтеді.

Өнімділіктің төмендеуі, өндіріс шығындарының артуы және жеткізілімдердің тұрақсыздығы халықтың табысына, жұмыспен қамтуға және өңір елдерінің экономикалық тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

Халқы 80 миллионнан асатын Орталық Азия үшін бұл — стратегиялық басымдық.

2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит ресурстарды кешенді басқарудан бастап тұрақты агрожүйелерді дамытуға дейінгі келісілген шешімдер үшін маңызды алаң қалыптастырады.





Бөлісу

Азық-түлік қауіпсіздігі және өңір экожүйесі | RES 2026 өңірлік экологиялық саммиті – қатысу және бағдарлама