

Қазақстан Республикасына кіру тәртібі
Қазақстан Республикасына шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шақыру рәсімдеу ережелеріне сәйкес шақырулар мен визалар ресімделеді:
http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1600014531Ережелерге сәйкес, шақырушы тарап шақыруды рәсімдеу үшін Қазақстан Республикасы ІІМ аумақтық полиция органына немесе тіркелген жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы "Қазақстан Республикасының визаларын беру үшін шақыруларды қабылдау және келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қажетті өтініш пен құжаттарды ұсынады.
Шақырушы тарап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде тіркелген шақырудың нөмірі мен күнін алады.
Осыдан кейін шақырушы тарап бұл мәліметтерді шетелдік азаматқа жібереді.
Шетелдік азамат алынған құжаттармен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне (елшілік немесе консулдық) жүгінеді.
Электрондық виза алу кезінде шетелдік азамат визалық анкетаны электронды түрде Визалық-көші-қон порталы арқылы толтырады - https://www.vmp.gov.kz/kk/ немесе QazETA мобильді қосымшасы арқылы. (ІІМ аумақтық органдары арқылы рәсімделген шақырудың болуы міндетті).
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде немесе ІІМ-де виза алу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

- визалық анкета (3,5 х 4,5 см өлшемдегі түрлі-түсті немесе ақ-қара фотосуретпен);
- Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінде немесе халықаралық әуежайда виза рәсімдеу кезінде ІІМ немесе СІМ-де тіркелген шақырудың нөмірі мен күні немесе визаның тиісті санатына өтініш;
- шетел мемлекетінің жарамды дипломатиялық, қызметтік немесе шетелдік паспорты немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат;
- консулдық алым немесе мемлекеттік баж төленгенін растайтын түбіртек;
- осы Ережелердің 1-қосымшасына сәйкес қосымша құжаттар.

Виза алушының паспорты келесі талаптарға сай болуы тиіс:
- құжаттың түпнұсқалығына күмән тудырмайтын және иесіне тиесілі болуы тиіс, түзетулер мен бүлінген беттер болмауы керек;
- визалар үшін кемінде 2 бос беті болуы тиіс;
- қолданылу мерзімі сұралған визаның мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде 3 ай болуы тиіс;
- қолданылу мерзімін ұзарту туралы белгілер болмауы тиіс.