RES 2026 логотипі
Жаңалықтар

Алматыда Орталық Азия елдерінің Өңірлік экологиялық саммитіне алдын ала дайындық кездесуі өтті

Наурыз 03, 2026
169
Алматыда Орталық Азия елдерінің   Өңірлік экологиялық саммитіне   алдын ала дайындық кездесуі өтті

2026 жылғы 25–27 ақпан аралығында Алматы қаласында Орталық Азия елдерінің Өңірлік экологиялық саммитіне (ӨЭС-2026) дайындыққа арналған алдын ала кездесу өтті. Іс-шара ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен, БҰҰДБ және GIZ қолдауымен өткізілді.

Кездесуге Орталық Азия елдерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар мен даму серіктестері қатысты. Тараптар «Жасыл қалқан» және «Өңірдің тұрақты дамуы жолындағы табиғатпен үйлесімділік» атты екі өңірлік бастаманы талқылады.

Кездесу барысында биоалуантүрлілікті сақтау, орман экожүйелерін қалпына келтіру, жердің деградациясы мен шөлейттенуге қарсы күрес, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты нығайту мәселелері қарастырылды.



Бөлісу