Орталық Азия елдері апаттар қаупін азайту саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді

Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылымжәне мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы(бұдан әрі – ЮНЕСКО) мен ҚазақстанРеспубликасының Төтенше жағдайларминистрлігі 2026 жылғы 22–24 сәуіраралығында Астанада өтетін Өңірлікэкологиялық саммит (бұдан әрі – ӨЭС) аясындаОрталық Азиядағы ерте ескерту және апаттарқаупін азайту мәселелеріне арналған сессия өткізеді. Іс-шара барысында төтенше жағдайларсаласындағы ұлттық ведомстволарға жабдықтыресми түрде тапсыру жоспарланып отыр, бұлерте ескерту жүйелерін жетілдіруге мүмкіндікбереді.
«Орталық Азиядағы ерте ескерту және апаттарқаупін азайту саласындағы ынтымақтастық» аттыжоғары деңгейдегі сессия 24 сәуірде өтеді. Климаттың өзгеруі жағдайында Орталық Азия өңіріндегі халықтың мұздық көлдердіңжарылуынан осалдығын азайтуға бағытталғанGLOFCA жобасы аясында ұйымдастырылатын іс-шараға өңір елдерінің мемлекеттік органдарыныңөкілдері, халықаралық ұйымдар және сарапшыларқатысады.
Орталық Азияда мұздықтардың шегінуіаясында мұздық көлдердің саны артып келеді, бұлолардың жарылу қаупінің ұлғаюына алып келеді. Мұндай құбылыстар таулы аудандардағы да, өзендердің төменгі ағысындағы аңғарлардағы да халыққа, инфрақұрылымға және шаруашылыққызметіне қауіп төндіреді. Осындай жағдайда ертеескерту жүйелері (ЕЕЖ) мен қауымдастықдеңгейіндегі қауіп-қатерді азайту шаралары ерекшемаңызға ие болады.
Сессия барысында GLOFCA жобасыныңпрактикалық нәтижелері, оның ішінде пилоттықаумақтарда ерте ескерту жүйелерін енгізу, мұздықкөлдерді мониторингтеу және қауымдастықдеңгейінде қауіп-қатерді азайту шараларытаныстырылады.
Іс-шараның мақсаты – өңір елдері арасындаапаттар қаупін азайту саласындағы практикалықтәжірибе мен тиімді тәсілдер алмасуға жәрдемдесу, сондай-ақ ұлттық жауапкершілік пен үйлестірудікүшейту арқылы қол жеткізілген нәтижелердіңинституционалдық тұрақтылығын нығайту.
Сессия аясында төтенше жағдайларсаласындағы ұлттық ведомстволарға, оның ішіндемониторинг және ерте ескерту жүйелерініңқұрамдас бөліктерін қамтитын жабдықтарды ресмитүрде тапсыру күтілуде, бұл ЕЕЖ-нің одан әріжұмыс істеуін қамтамасыз етеді.