Өңірлік тұрақты дамуы жолындағы табиғатпен үйлесімділік

Өңірлік экологиялық саммит аясында Орталық Азия елдері биоалуантүрлілікті сақтау және табиғи ресурстарды тұрақты басқару саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған «Өңірдің тұрақты дамуы жолындағы табиғатпен үйлесімділік» атты өңірлік бастамаға ресми түрде старт берді.
Шараның басты нәтижесі Орталық Азия елдерінің биоалуантүрлілікті қорғау және тұрақты басқару саласындағы ынтымақтастығы туралы өңірлік декларацияға – «Өңірдің тұрақты дамуы жолындағы табиғатпен үйлесімділік» құжатына қол қою болды.
Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы туралы өңірлік декларация «қолшатырлы тәсілді» қарастырады, бұл оның қолданыстағы ұлттық стратегияларды, мемлекетаралық уағдаластықтарды, жобаларды және халықаралық міндеттемелерді біртұтас өңірлік логика аясында біріктіретінін білдіреді.
«Оның қабылдануы өңір елдеріне бытыраңқы бастамалардан неғұрлым үйлесімді әрі жүйелі, стратегиялық тұрғыдан құрылған ынтымақтастық моделіне, тығыз үйлестіруге және әріптестік, қаржыландыру мен ұзақ мерзімді іске асыру үшін түсінікті негізге көшуге көмектесе алады», - деді Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Бастама тұрақты өңірлік ынтымақтастық платформасын қалыптастыруға, Орталық Азия елдерінің саяси бейілділігін нығайтуға және Биологиялық алуантүрлілік туралы конвенция тараптарының алдағы 17-ші конференциясында бірлескен бастамаларды таныстыру үшін келісілген өңірлік ұстанымды әзірлеуге маңызды қадам болады деп күтіліп отыр.
Орталық Азияның тұрақты даму мәселесі жаһандық ауқымда өте маңызды мәнге ие. Тянь-Шань, Памир-Алай таулы экожүйелері, өңірдің далалары мен шөлдері, тоғайлы ормандары мен сулы-батпақты алқаптары әлемдік маңызы бар табиғи кешенді құрайды. Тек Орталық Азия тауларында өсімдіктердің 5000 түрі шоғырланған, оның 1500-ге жуығы эндемиктер болып табылады. Өңір қоныс аударатын түрлерді сақтауда, экологиялық байланыстылықта, трансшекаралық экожүйелерде шешуші рөл атқарады.
Орталық Азиядағы бірегей табиғи құндылықтарды қорғау тек ұлттық міндеттер шеңберінен әлдеқашан шығып, келісілген өңірлік шешімдерді талап етеді.
«Қазақстан бұл күн тәртібіне нақты іс-қимылдармен және нәтижелермен келе жатыр. 2035 жылға дейінгі биоалуантүрлілікті сақтау және ұтымды пайдалану тұжырымдамасы бекітілді. Бұл ретте бүгінгі таңда олардың ауданы 31 миллион гектарға жеткенін атап өту қажет. Сонымен қатар, Қазақстан түрлерді сақтау бойынша әлемдік маңызы бар нәтижелер көрсетуде. Өздеріңіз білетіндей, біз киіктердің санын сақтап, көбейте алдық. Бүгінде Пржевальский жылқысы бойынша бағдарламаны жүзеге асырудамыз. Қазіргі уақытта тұран жолбарысын бұрынғы мекендеген жерлеріне қайтарып жатырмыз», - деп толықтырды министр.
Өзбекстанда экология, биоалуантүрлілік мәселелері мемлекеттік саясаттың басымдығы ретінде айқындалған. Куньмин-Монреаль жаһандық биоалуантүрлілік негіздемелік бағдарламасы бойынша міндеттемелерді орындау аясында 2040 жылға дейінгі биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі жаңартылған ұлттық стратегия мен іс-қимыл жоспарын әзірлеу басталды.
«Біз бірегей ұлттық, жалпыұлттық бағдарламаны бекіттік, осы бес жалпыұлттық экологиялық бағдарлама аясында біз «Биомұра» деп аталатын жаңа жалпыұлттық жобаны бекіттік, оның шеңберінде жаңа ұлттық парктер, қорықтар құруды, сондай-ақ қолданыстағы аумақтарды кеңейтуді қарастырамыз», - деп мәлімдеді Өзбекстан Республикасы Президентінің экология мәселелері жөніндегі кеңесшісі – Өзбекстан Республикасы Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитетінің төрағасы Азиз Абдухакимов.
Қырғызстан «Өңірдің тұрақты дамуы жолындағы табиғатпен үйлесімділік» өңірлік бастамасының іске қосылуын Орталық Азия үшін дер кезінде жасалған және стратегиялық маңызды қадам ретінде қолдады.
«Біздің өңір биік таулы экожүйелерден бастап жабайы жануарлардың көші-қон дәліздеріне дейінгі бірегей табиғи капиталға ие. Сонымен қатар, біз климаттың өзгеруі, жердің тозуы және табиғи ландшафттардың бөлшектенуі сияқты ортақ сын-қатерлерге тап болып отырмыз, бұл келісілген және жүйелі шешімдерді талап етеді. Қырғыз Республикасында Куньмин-Монреаль негіздемелік бағдарламасымен үйлестірілген 2040 жылға дейінгі стратегияны жаңарту және 2026 жылдан 2030 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарымен аяқталуда», - деп атап өтті Қырғыз Республикасының Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі Акыл Токтобаев.