RES 2026 логотипі
Жаңалықтар

ӨЭС 2026 аясында Арал өңіріндегі денсаулықпен экология мәселелері талқыланады

Сәуір 06, 2026
37
ӨЭС 2026 аясында Арал өңіріндегі денсаулықпен экология мәселелері талқыланады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – ДДСҰ) мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит (бұдан әрі – ӨЭС) аясында Арал өңіріндегі денсаулық және экология мәселелеріне арналған, Каспий маңы елдерін қамтитын кеңейтілген сессия өткізеді.

«Болашақ ұрпақты қорғау: экологиялық күн тәртібінің өзегіндегі денсаулық – Арал өңірінің сабақтары мен шешімдері» атты панельдік сессия 22 сәуірде өтеді.

Іс-шараға ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, ДДСҰ-ның Еуропа өңірі бойынша өңірлік директоры Ханс Клюге, ДДСҰ-ның климат және денсаулық жөніндегі арнайы өкілі Робб Батлер, Климат және денсаулық жөніндегі Пан-еуропалық комиссия төрайымы Катрин Якобсдоттир, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Татьяна Молчан, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлері қатысады.

Бұған дейін хабарланғандай, Арал теңізінің тартылуы – ХХ–ХХІ ғасырлардағы ең ірі экологиялық апаттардың бірі, ол Амудария мен Сырдария өзендерінің суын суармалауға бұру салдарынан орын алды. Әлемдегі төртінші ірі көлдің орнында Аралқұм шөлі пайда болып, одан жыл сайын шамамен 100 млн тонна улы тұздар мен шаң таралады.

Арал өңірінде көз және тыныс алу аурулары, анемия, қант диабеті және қатерлі ісіктердің таралуы артып келеді. 1960-жылдардан бері жүректің ишемиялық ауруы 18 есе, пневмония 19 есе, созылмалы бронхит 30 есе көбейген. Ауыз су сапасының төмендеуі бүйрек-тас ауруларының өсуіне әкелді: Қарақалпақстанның ауыл тұрғындары арасында бұл көрсеткіш 4,2 есе артқан. Өңірде балалар өлімі мен сырқаттанушылық деңгейі өте жоғары. Ғалымдардың бағалауынша, балалардағы тыныс алу ауруларының кемінде 46,4%-ы шаңды дауылдар салдарынан ауадағы сульфаттармен ластанудан туындайды, ал ересектер үшін бұл көрсеткіш 38,9%-ды құрайды.

Сессия барысында Орталық Азия және Каспий маңы елдерінің үкімет өкілдері, халықаралық ұйымдар және сарапшылар экология мен денсаулық салаларының түйісінде бірлескен шешімдер әзірлейді деп күтілуде.

Сессияның негізгі міндеттері:

•        Арал және Каспий өңірлеріндегі денсаулыққа экологиялық тәуекелдер бойынша саяси келісім қалыптастыру;

•        денсаулық пен экология мәселелері бойынша келісілген тәсілдерді әзірлеу;

•        «Арал өңіріндегі салауатты болашақ» жол картасын ілгерілету;

•        өңірлік диалогты Каспий маңы елдеріне, ең алдымен Әзербайжанға кеңейту;

•        салааралық және трансшекаралық ынтымақтастықты нығайту.

Сессия қорытындысы бойынша Арал өңірі үшін жол картасын келісу және оның тәсілдерін Каспий өңірінде денсаулыққа экологиялық қауіптерді азайту үшін қолдану күтілуде.

RES 2026 жариялайтын БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін 

ФОРМАСЫ

(Астана қ., 2026 жылғы 22-24 сәуір)

 

Фото 

(3*4 см)

 

А.Т.Ж.

Лауазымы

Жеке куәліктің/паспорттің фотосы

 

Куәлік бойынша деректер, ЖСН

Жабдықтар

Байланыс телефоны

Санаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу

ӨЭС 2026 аясында Арал өңіріндегі денсаулықпен экология мәселелері талқыланады | RES 2026 өңірлік экологиялық саммиті – қатысу және бағдарлама