RES 2026 логотипі
Жаңалықтар

«Болашақ ұрпақты қорғау: денсаулық – экологиялық күн тәртібінің өзегінде. Арал теңізі бассейнінен алынған сабақтар мен шешімдер»

Сәуір 22, 2026
166
«Болашақ ұрпақты қорғау: денсаулық – экологиялық күн тәртібінің өзегінде. Арал теңізі бассейнінен алынған сабақтар мен шешімдер»

Өңірлік экологиялық саммит аясында Аралдың тартылу проблемасына арналған сессия ұйымдастырылдыШара қоршаған ортаның жай-күйі мен қоғамдық әл-ауқат арасындағы маңызды өзара байланысты талқылау үшін Орталық Азия елдерінің денсаулық сақтау министрлерінбейінді ведомстволар басшыларын және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірді.

Пан-еуропалық Климат және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасыИсландияның экс-Премьер-министрі Катрин Якобсдоттир және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰклимат және денсаулық сақтау жөніндегі арнайы өкілі Робб Батлер экологиялық апат аймағында болдыОлар өз бақылауларымен бөлісті.

«Бұл апаттың халықтың денсаулық жағдайына әсері өте ауқымды болдыАдамдар құрамында пестицидтер мен тұзы бар шаңмен тыныстадыСоның салдарынан қатерлі ісік пен респираторлық аурулардың өсімі байқаладыЮНИСЕФ балалардың 50%-на дейінгі бөлігінде созылмалы респираторлық аурулар бар екенін атап өтудеАрал өңіріндегі балаларда анемия жағдайлары басқа аймақтарға қарағанда 2,5 есе жоғарыал әйелдерде бұл көрсеткіштер 2,7 есе жоғарыЖүкті әйелдердің 85%-ы анемиядан зардап шегедіОнкологиялықжүрек-қан тамырлары және респираторлық аурулардың болуына байланысты психикалық денсаулық проблемалары да туындауда», - деп атап өтті Робб Батлер.

Ол ДДСҰ бұрын-соңды болмаған саяси қолдауы бар жол картасын іске қосатынын хабарлады.

«Қарақалпақстандағы барлық аурулардың 70%-на дейіні – су арқылы таралатын ауруларБіз медициналық ұйымдардағы судың сапасын жақсарту бойынша жұмыс істейтін боламызАуа сапасының мониторингін жақсартамызСондай-ақ токсикологиялық орталық құрылады», - деп мәлімдеді Робб Батлер.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарыМәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева даэкологиялық проблема халықтың денсаулығына әсер еткенін атап өтіпДДСҰ деректерін растады.

«Небәрі бірнеше онжылдықта теңіз өз көлемінің 90%-дан астамын жоғалттыбұл табиғи экожүйелердің бұзылуына және миллиондаған адамдар үшін ауыр әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырдыАл бүгінде біз бұл трагедияның салдары экология шеңберінен әлдеқайда шығып кеткенін көріп отырмызбұл – аурушаңдықтың өсуіхалықтың өмір сүру сапасының төмендеуі және дәстүрлі табыс көздерінен айырылу», - деді Аида Балаева.

Сессия Арал және Каспий теңіздері аймақтарының денсаулығына төнетін экологиялық тәуекелдерді шешуде саяси консенсус қалыптастырусондай-ақ денсаулық пен экология мәселелері бойынша келісілген тәсілдерді әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың басым міндеті: «Арал теңізі өңіріндегі салауатты болашақ» жол картасын ілгерілетуөңірлік диалогты Каспий маңы елдерінеең алдымен Әзірбайжанға кеңейту және салааралық әрі трансшекаралық ынтымақтастықты нығайту болды.

Бөлісу