Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаевтың БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі бөлімі (UNOSD) басшысы Чун Кю Пакпен кездесуі

Өңірлік экологиялық саммит аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев пен Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму жөніндегі кеңсесінің (UNOSD) басшысы Чун Кю Пак мырза арасында екіжақты кездесу өткізілді.
Қазақстан тарапы UNOSD ұйымына Өңірлік экологиялық саммитке қатысқаны үшін, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларының ұлттық түгендеу жүйесін нығайту және климаттық ашықтықты дамыту бағытындағы дәйекті қолдауы үшін алғыс білдірді.
Сонымен қатар, бұған дейін өткізілген оқыту семинарының маңыздылығы, сондай-ақ Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты өңірі мен Африка елдеріне арналған парниктік газдар түгендеуі бойынша оқыту бағдарламасына (2026–2028 жж.) қатысуға шақырылуы атап өтілді. Қазақстан өтінімнің қаралуына ризашылығын білдіріп, аталған бастамаға белсенді қатысуға мүдделілігін растады.
Кездесу барысында тараптар ағымдағы жылдың қыркүйек айында өтетін «Корея Республикасы – Орталық Азия» саммитін өткізу жоспарларын да талқылады. Аталған алаңда климаттың өзгеруі, қоршаған ортаны қорғау және орнықты энергетикалық даму мәселелерін қарастыру көзделіп отыр.