
Қонақ үй туралы
Radisson Astana елорданың дәл жүрегінде, ескі қала мен заманауи сол жағалаудың тоғысында орналасқан. Қонақ үйдің орналасуы оның рухы мен құндылықтарын тамаша толықтырады: біз дәстүрді құрметтейміз, бірақ заман ағымымен бірге қадам басамыз. Қонақ үйден жаяу қашықтықта сіз Есіл өзенінің көркем жағалауын тамашалай аласыз, әсіресе күн батар шақтағы көрініс ерекше әсем. Консьерж қызметі ұсынған бағыт бойынша жүгіріп шығуға да болады. Сондай-ақ «Ailand» аквапаркі мен океанариумы, цирк, «Keruen City» сауда орталығы және Тұран даңғылы бойындағы мейрамханалар көшесі жақын маңда орналасқан. Қонақ үй маңынан әрқашан өзіңізге ұнайтын демалыс түрін таба аласыз.
Қосымша ақпарат

Қонақ үйдің нөмір қоры 96 нөмірден тұрады, барлығы жайлы тұру үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген: халат, тәпішке, шай мен кофе, әр нөмірде үтіктеу тақтасы мен үтік бар. Толық өлшемді гардероб қарастырылған. Қонақтарға келесі санаттағы нөмірлер ұсынылады: 54 стандартты бір және екі орындық нөмір (27 м²) 30 жақсартылған стандарт нөмір (29 м²) 8 премиум санаттағы нөмір (33 м²) 4 люкс санатындағы нөмір (80 м²) Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 1 нөмір
Қатысушылар үшін байланыс деректері:
Саммит қонақтарына арналған арнайы электрондық пошта / телефон (брондау бөлімі).
