Орталық Азия жаһандық тұрақты даму күн тәртібіндегі өз рөлін күшейтіп келеді
Ақпан 20, 2026
240

Алматы қаласында Орталық Азия және Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығы құрылды. Бұл үйлестіру, сараптама және бірлескен шешімдер қабылдауға арналған жаңа алаң.
Бұл қадам өңірдің климат, экология, су қауіпсіздігі және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық мәселелеріндегі маңыздылығының артып келе жатқанын көрсетеді.
Орталықтың дәл Алматыда орналасуы Қазақстанның өңірлік диалог пен БҰҰ-мен серіктестіктің маңызды орталығы ретіндегі рөлін айқындайды.
Өңірлік экологиялық саммит пен БҰҰ Орталығы -біртұтас архитектураның элементтері:
стратегиялық диалогтан - өңір үшін тұрақты шешімдерді практикалық іске асыруға дейін.